Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов аппеляциялық шағым түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов аппеляциялық шағым түсірді instagram.com/make_sakevich

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов аппеляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов аппеляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы белгілі вайнерлерге қатысты қаржы пирамидасы ісін қарай бастады.

Апелляциялық сатыдағы сот отырысына жауапкерлердің өзі қатыспайды. Олардың мүддесін адвокаттары қорғайды.

Еске салайық, былтыр 23 маусымда Алмалы аудандық соты танымал вайнерлерге Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісі бойынша үкім шығарған болатын. Айыпталушылар тарапында барлығы 12 адам болған.

Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодекстің 217-бабы "Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару" бойынша кінәлі деп танылды.

Сонымен қатар, Алмалы ауданының соты вайнер Мейіржан Төребаевқа қауіпсіздігі ең төмен колонияда бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мейірхан Шерниязовқа да дәл осындай жаза берілді. Қалған қатысушыларға 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сот жәбірленушілердің 1 миллиард 861 миллион 752 мың 441 теңгеден аса сомадағы талабын қанағаттандырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети