Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов бостандыққа шығарылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов бостандыққа шығарылуы мүмкін instagram.com/make_sakevich

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазасын жеңілдетуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар сотқа өтініш тапсырған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазасын жеңілдетуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар сотқа өтініш тапсырған.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәліметті растап, материалдардың аудандық сотқа қарауға түскенін хабарлады.

"Түрксіб аудандық сотына жаза түрін ауыстыру (ЖТА) бойынша материал келіп түсті. Өтінішті қарау жақын арада өтеді", - деп жауап берді соттың баспасөз қызметі редакция сұрауына.

Еске салайық, 2023 жылдың маусымында Төребаев пен Шерниязов қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және оған басшылық жасау бойынша кінәлі деп танылған болатын. Олардың әрқайсына бес жылдан жаза тағайындалды. Бұл іс бойынша басқа фигуранттар 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети