Вайнерлерге қатысты қаржы пирамидасы ісі: Алматыда сот басталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вайнерлерге қатысты қаржы пирамидасы ісі: Алматыда сот басталды instagram.com/make_sakevich

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр. Айыпталушылар тарапында Төребаев пен Шерниязовты қосқанда 12 адам бар. Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікке ілінді. Тағы екі адамға, соның ішінде тағы бір вайнер Әзімжан Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланған.

21 желтоқсанда түстен кейін мұнда алдын ала сот отырысы басталып, онда кейбір мәселелер мен сот талқылауының тәртібі талқыланды. Сот процесі онлайн режимінде ZOOM платформасы арқылы өтіп жатыр, онда 100 аккаунт қосылған. Бұл бір бейнеконференцияға бір уақытта қатыса алатын қатысушылардың максимум саны. Бұл тізімге сыймай қалған қатысушылар, соның ішінде Tengrinews.kz тілшісі де сот процесін бейнеқоңырау арқылы WhatsApp-тан тыңдап отыр. Өзін заңгермін деп таныстырған процеске қатысушылардың бірі отырысты оффлайн режимде өткізуді сұрады. Алайда судья Кәмшат Саурова оның өтінішін қанағаттандырмады. Оның айтуынша, тыңдауларды өткізу тәртібі бейнеконференция негізінде жарияланған. Сондай-ақ, ол адвокаттан процеске араласпауды сұрады.

Айта кетейік, алдын ала тыңдаудан кейін негізгі сот процесі басталады.

Еске салайық, қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы түрлі үлеске тыйым салынғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети