Алматы халықаралық әуежайы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр айтқан Век Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы халықаралық әуежайы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр айтқан Век Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әуежай әкімшілігіндегілер мұздануға қарсы арнайы сұйықтықты қолдану туралы шешімді ұшақ командирі қабылдайтынын хабарлады. Мұны жасауға тек оның өкілеті бар екені айтылды.
"Әуежай тапсырыс-өтінімді ғана орындайды. Яғни, ішінара немесе толық өңдейді я болмаса жалпы ұшақты өңдемеу туралы шешім қабылдайды. Бұл метеожағдайға және басқа да параметрлерге қарап, шешім қабылдайтын командир. Әуе кемесінің командирі ұшақтың бір бөлігін ғана өңдеу туралы шешім қабылдаған. Мұны қандай себеппен жасағанын айта алмаймыз. Командирдің өкімі бойынша айтылған бөліктер ғана өңделді", - деді Алматы әуежайы өкілі.
Әуе портының әкімшілігі мұздануға қарсы сұйықтықтың барлық сәйкестік сертификаты барын айтып отыр.
Мұның алдында премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасы деп әуе кемесіндегі мұз қатуы себеп болғанын айтқан еді.