Велосипедшілер өзімен бірге құжаттарын алып жүруі керек пе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Велосипедшілер өзімен бірге құжаттарын алып жүруі керек пе? © pixabay.com

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері велосипедшілердің құжаттарын тексеру мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері велосипедшілердің құжаттарын тексеру мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақыттағы заңнамаға сәйкес, велосипедті көлік құралы ретінде және велосипедшіні мемлекеттік тіркеуге тұрғызуға болмайды. Велосипедші өзімен бірге қандай да бір құжат алып жүруге міндетті емес", - деп хабарлады ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері Facebook желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері полиция өкілдерінде ұрланған велосипедтер жайлы мәлімет болған жағдайда велосипедтің сериялық нөмірін тексере алатындарын айтып өтті.

Мұның алдында Астана ІІД өкілдері велосипед құжатын талап еткен полицейдің әрекетін түсіндірген еді.

Еске сала кетейік, осыған дейін астаналық полиция қызметкерлерінің тұрғындардан велосипед құжатын көрсетуді талап еткені түсірілген видео таралған еді. "Велосипед құралын сізге сатқан кезде көк кітапша беріледі. Кітапшада нөмір көрсетіледі. Сандар сәйкес болуы керек. Келеңсіз жағдай тумауы үшін ол кітапшаны әрдайым өзімен бірге алып жүру керек", - деп түсіндірген еді видеода полиция қызметкері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети