Венгр ғалымдары Кейкі батырдың келбетін қалпына келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венгр ғалымдары Кейкі батырдың келбетін қалпына келтірді

Белгілі антрополог Андраш Жолт Биро аты аңызға айналған Кейкі батырдың бассүйегін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды Kazmuseum.kz тілшісі Қазақстан музейлерінің ақпараттық-әдістемелік орталығына сілтеме жасап.

Бүгін белгілі тарихшы Берік Әбдіғалиұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Кейкі батырдың бассүйегінің қалыпқа келтірілген эскизін жариялады.

Осыған дейін хабарланғандай, Кейкі батырдың бассүйегін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау желтоқсан айына белгіленген болатын.

Еске салайық, биыл 12 тамызда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімов РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Кейкі батырдың мүрдесін елге қайтару туралы мәселені көтерген еді. Содан 6 қазанда Кейкі батырдың бассүйегі Астанаға жеткізілген болатын. Ал кейінірек Орталық мемлекеттік музейдің директоры Нұрсан Әлімбай 12 қазан күні Кейкі батырдың бассүйегі антропологиялық сараптама үшін Венгрияға жеткізілетінін мәлімдеді. Музей басшысы құнды жәдігерді арнайы контейнерде алып барды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети