Венгрияда жоғалып кеткен қазақстандық табылғаны белгілі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венгрияда жоғалып кеткен қазақстандық табылғаны белгілі болды Фото:elements.envato.com

Сыртқы істер министрлігі Венгрияда жоғалып кеткен 27 жастағы қазақстандық Қанатбек Өтебек қамауда отырғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрлігі Венгрияда жоғалып кеткен 27 жастағы қазақстандық Қанатбек Өтебек қамауда отырғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жағдайды анықтадық. Ол Венгрияда қамауға алынған. Полиция оны заңсыз мигранттарды тасымалдады деп айыптап отыр. Яғни, ол 1,5 ай бұрын Қазақстанда Шенген визасын алып, Еуропа елдерінің біріне ұшып келіп, бір аптадан кейін Шығыс Еуропа аумағында болған, оның ішінде Сербия, Венгрия, Чехияда және осы бағыт бойынша заңсыз мигранттарды тасымалдаған", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, қазақстандық бастапқыда қандай жұмысқа бара жатқанын білген.

"Бұл өте ауыр айыптау. Сондықтан мен Еуропаға жұмысқа баратын азаматтарымызға тағы да жүгінемін: мұқият зерттеңіз, елдің заңдарын білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Бұл жігітке адвокат таптық, ол жұмыс істеп жатыр. Туыстары барлығын біледі. Менің ойымша, тергеу бұдан әрі не болатынын анықтайды", - деді Смадияров.

Еске салайық, Венгрияда 27 жастағы шымкенттік белгісіз жағдайда жоғалып кеткені хабарланған болатын. Соңғы рет оны туыстары Instagram желісінде қазақстандық блогердің тікелей эфирінен көрген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети