Вице-министр Сәдібековтің үй қамауында ұстау мерзімі ұзартылды

Энергетика вице-министрі ?ани С?дібековті? ?й ?ама?ында ?стау мерзімі ?зартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалы? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековтің үй қамағында ұстау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осыған дейін ұсталған вице-министр шілдеге дейін үй қамауында болатыны анықталды. 

"21 сәуірде Астана қаласындағы Алмалы аудандық №2  соты Ғани Сәдібековке қатысты үй қамауында ұстау мерзімін 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартты", - делінген Астана сотының баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен бірнеше лауазымды тұлғаның жемқорлық дерегі бойынша ұсталғаны хабарланған еді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері Энергетика министрлігінің бірнеше лауазымды тұлғасын ұстады. Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков "Аймақ" ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Д.Дуанбекпен біріге отырып, бюджеттен аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырған. Ол қаражат Щучинск-Бурабай курорттық орнында өзенді тазалауға арналған қаражат болған. Осы қылмысқа Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж.Нұрбеков мен мердігер компанияның өкілдері С.Жұмалинов мен Б.Қадырберлин қатысқан. Сәдібеков қол қойған жалған актілердің нәтижесінде Энергетика министрлігі 2017 жылы орындалған жұмыстардың үлкен көлемі үшін 3,6 миллиард теңге төледі. Осы сомадан 1 миллиард теңгеден аса ақша қолма-қол төлемге айналдырылған. Тексеріс кезінде бұл ақшалар тәркіленді", - делінген еді ведомствоның хабарламасында.

Ал кеше, 5 наурызда вице-министр Ғани Сәдібеков екі айға қамауға алынған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама