14 қазан 2016 10:50

ВИЧ жұқтырған жүкті әйелдердің 99 пайызы дүниеге дені сау балалар әкеліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zharar.com © zharar.com

Қазақстан Әлемдік экономикалық форум рейтингісінде ВИЧ инфекциясының таралымы төмен елдер қатарында көш бастап тұр, - деп абарлайды "Алматы" арнасы


Қазақстан Әлемдік экономикалық форум рейтингісінде ВИЧ инфекциясының таралымы төмен елдер қатарында көш бастап тұр, - деп абарлайды "Алматы" арнасы

Аталмыш рейтингте "15 пен 49 жастағы адамдар арасында ВИЧ инфекциясын тарату" жаһандық индексінің көрсеткіштері бойынша еліміз 0,18 пайызбен рейтингте жоғары тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов ВИЧ індетіне қатысты өткен алғашқы Ұлттық конференцияда мәлімдеді. Оның айтуынша, еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізген нәтижелі жұмыстардың қорытындысы бойынша ВИЧ дертінің таралуын тежеуге жағдай туды. Қазақстан, Орталық Азия мемлекеттері ішінде имун тапшылығы вирусына шалдыққан науқастарға антиретровирустық емді тегін ұсынып отырған жалғыз ел. Алқалы жиында індеттің алдын алуға бағытталған жұмыстардың барысы таныстырылып, шешілуі керек жұмыстардың бағыттары нақтыланды.

"Қазақстан үшін ең маңызды болып отырған нәрсе - ол ВИЧ дертіне шалдыққан науқастардың кем дегенде 90 пайызының өз ауруы жайлы білуінде болып отыр. Өзінің ауруы жайлы білетіндер, ауыр індетке ұшырағанын біле тұра, тіркелмейді. Сол себепті, 2020 жылдың аяғына дейін осы мәселені шешу қажет, яғни науқастар тесттен өтулері керек",- деді Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша ЮНЕЙДС аймақтық директоры, Виней Патрик Салдана. 

Биылғы жылы Алматы қаласы бойынша ЖИТС орталығының жүргізген профилактикалық іс-шараларының нәтижесінде анық болғаны - вирус жұқтырған жүкті әйелдер 99 пайыз дені сау балаларды дүниеге әкеліп жатыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш,- дейді орталықтың бас дәрігері. Бүгінде қала бойынша 2000-нан астам науқас тіркеуде.

"Түскен кезде тіркеуде болмаған, алдын ала қарамағымызда болмағандардың өзі экспресс тест",- дейді, перзентханаға түскен кезде, оларды тестировать етіп, нәресте дүниеге келген кезде оның алдын алу ретровирусный профилактика, анадан балаға берілу шарасын қолданамыз. Қазіргі көрсеткіш 99 пайыз. Ол өте жақсы көрсеткіш. 2020 жылға дейін осы індеттің алдын алу және болашақта түп тамырымен жою мақсатында осындай конференциялар өткізіліп жатыр. Алматы қаласы бойынша тіркеуде 2000-нан астам адам бар. Оның 87 пайызы антиретровирустық дәрі-дәрмектер алады",- деді Алматы қаласы бойынша ЖИТС орталығының бас дәрігері, Талғат Бәпиев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети