Видеоблогер шетелдіктердің Абай Құнанбаевтың латын жазуына көшірілген өлеңін қалай оқып беретінін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеоблогер шетелдіктердің Абай Құнанбаевтың латын жазуына көшірілген өлеңін қалай оқып беретінін көрсетті

Алматылық Дәурен Куреев Broadcast Qazaqstan видеоблогының кезекті сериясында шетелдіктердің Абай Құнанбаевтың латын әліпбиіне көшірілген өлеңін қалай оқып беретіндерін көрсетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Видеода әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар түсірілген. Олардың ішінде нигериялық Уильям, Филипиннан Марко,  ал Қытайдан Джунгуа есімді қыз және америкалық Марк бар. Олар Абай Құнанбаевтың "Құлақтан кіріп, бойды алар" әнін оқып берді.

Видеоблогердің айтуынша, қатысушылар бұл өлеңді бірінші рет оқып тұр.

"(...) Латын әліпбиіне көшу мәселесі қазақ халқын біраз алаңдатты. Сол себепті біз Президентіміздің осыған қатысты басты бір тезисін тексеріп көруді жөн көрдік. Ол осылайша шетелдіктерге қазақ тілін үйрену жеңілірек болатынын және біздің мәдениетімізді түсініп-білу оңай болатынын айтқан еді. Сондай-ақ, Президент бүкіл әлемнің қазақ тілінде сөйлейтінін айтқан болатын. Енді біз шетелдіктерге мұны оқып берудің қаншалықты оңай болатынын тексеріп көргіміз келеді", - деді видеоблогер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети