Видеода айғайлаған сарбаз туралы Шекара қызметі түсінік берді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеода айғайлаған сарбаз туралы Шекара қызметі түсінік берді Видеодан алынған кадр

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі әскердегі сарбаздың айқайлаған видеосына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі әскердегі сарбаздың айқайлаған видеосына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Департамент сарбаздың Қызылорда облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменті нұсқауымен 2021 жылдың 25 қыркүйегінде әскери қызметке шақырылғанын, 27 қыркүйекте қызмет орнына келгенін мәлімдеді.

Ол туралы Қызылорда облысы әскерге шақыру комиссиясы әскери қызметке жарамды деп шешкен.

"29 қыркүйекте құрысу ұстамасы белгісімен Үшарал қаласы орталық аймақтық ауруханасына жатқызылды. 30 қыркүйектен бастап Алматыдағы ҰҚК ауруханасында тексеріліп жатыр. Әскери дәрігерлік комиссия ары қарай не істейтіні туралы шешім қабылдайды", - делінген комитетте.

Видео кейіпкері ҰҚК шекара әскерінің 18 жастағы сарбазы екені айтылды. Бұған дейін психологтар жігіттің әскери қызметке жарамсыз екені, терапияға мұқтаж екені туралы пікір білдірді. Оның медициналық сараптамадан қалай өткені белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети