“Видеоңды таратып жібереміз деп бопсалаған“: ШҚО-да полицейлер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Видеоңды таратып жібереміз деп бопсалаған“: ШҚО-да полицейлер сотталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Өскемен қаласының №2 сотында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты:

  • ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы (өзiне немесе басқа адамдарға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану),
  • 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен бопсалау) бойынша қылмыстық іс қаралды.

2024 жылы 4 маусымда полиция қызметкерлері, яғни З., Н., Н. азамат С.-ның жеке өміріне қатысты кейбір деректі біліп, материалдық пайда табу мақсатында сөз байласқан. Ойларын жүзеге асыру барысында, олар қызметтік жағдайын пайдаланып, алынған бейнежазбаны таратамыз деп қорқытып, азамат С.-дан ақша талап еткен.

6 маусымда жәбірленуші С. 3 000 000 теңге сомасындағы ақшаны ШҚО ПД ҰҚҚК қызметкері З.-ға тапсырған.

Бұл жағдай жәбірленушінің және куәлардың айғақтары, әңгіме жазбасы, сараптама қорытындылары, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен дәлелденген.

Сот ауырлататын мән-жай ретінде сотталушылардың қабылдаған антын бұзғанын, ал жеңілдететін мән-жай ретінде олардың кәмелетке толмаған балалары барын ескерген.

Сот қылмыстар жиынтығы бойынша З.-ға 6 жылға, Н. және Н.-ға 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

З., Н. және Н. мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети