ARU LIFE жобасының екінші қонағы - Виктория Моминбаева. Қарым-қатынастағы байланыс құру қиындықтарының алдын алу жолдары, отбасылық рәсімдер не үшін керек, әйел адамға мінсіз болу қаншалықты қажет - Қазақстандағы ең сұлу ана осы және өзге де тақырыптарға қатысты пікірін жоба көрермендері мен жүргізушісімен бөлісті. ARU LIFE жобасының серіктесі - Аltel ұялы байланыс операторы.
ARU LIFE жобасының екінші қонағы - Виктория Моминбаева. Қарым-қатынастағы байланыс құру қиындықтарының алдын алу жолдары, отбасылық рәсімдер не үшін керек, әйел адамға мінсіз болу қаншалықты қажет - Қазақстандағы ең сұлу ана осы және өзге де тақырыптарға қатысты пікірін жоба көрермендері мен жүргізушісімен бөлісті. ARU LIFE жобасының серіктесі - Аltel ұялы байланыс операторы.
"Кеңес заманының өлшемдері бойынша тұрмысы жақсы қамтылған отбасынан шықтым, атам әскери қызметкер болған. Анам Германияда туып-өскен, мектепте оқып жүргенде менде немістің сан түрлі техникасы болды. Ал әкем өте ерте бизнеспен айналыса бастады, кооперативтер ашты, әкеме көмектесетінмін. Мен оның көлігін жуып, ол маған ақша беретін. Өзім де ерте ақша таба бастадым, 14 жасымда «Сымбат» сән үйінде жұмыс істейтінмін. Оған қоса, спорт арқылы тамаққа арналған талондар алып, ақшаға айырбастайтын едім. Өзімнің қалыптасу үрдісім сол кезде басталған", - деп еске алды Виктория.
Кейіпкер әкесі жайында ерекше тебіреніспен айтып берді, бірақ өзінің жұбайы әкесіне мүлдем ұқсамайтынын атап өтті. Айтуынша, оның санасында әке мен күйеу бет-бейнелерінің нақты орындары бар.
"Мен ер адамның бойынша ерекше қадірлейтін екі қасиет: ер азамат табыс табушы және қорғаушы болуы тиіс. Серігімізді әкемізге ұқсатып таңдаймыз деген аналогияны аса түсіне қоймаймын. Мүмкін әкесінің назары жеткіліксіз болғандар солай таңдайтын шығар, бірақ мен әке қамқорлығынан кенде болмадым. Ол – менің әкем, мен оның сүйікті қызымын. Еркелейтінмін, ол белгілі бір уақытқа дейін мені көтеріп жүрді. Жолдасым мүлдем басқа адам, бірақ оның өзіне тән қасиеттері бар", - дейді ARU LIFE қонағы.
Марат Момынбаевпен кездеспес бұрын бойжеткен тұңғыш ұлын дүниеге әкелген. Жоба қонағы болашақ күйеуімен танысу оқиғасы мүлдем ерекше болмағанын және екеуі ресми некеге кешірек тұрғанын атап өтті.
"Үйленуге ұсыныс жасалған жоқ десем болады, қателеспесем, бесінші баламызға жүкті кезімде ресми түрде некелестік. Ол жай ғана "сенсіз өмір сүргім келмейді, бірге болайық" деді. Мен үшін неке емес, қарым-қатынас маңызды. Бірақ бала деген — жауапкершілік қой, бұл балалар үшін қажет болды. Десек те, бүгінде әлемнің еркін қарым-қатынастарға бет бұрғаны байқалады. Неке бәріне бірдей қолайлы емес, кейбір адамдар өздерін еркін сезінгісі келеді", - деген пікірін бөлісті Моминбаева.
"Қарым-қатынас сіз үшін жұмыс па?" деген сұраққа шығарылым кейіпкері біржақты жауап бере алмады. Оның пікірінше, қарым-қатынас деген - бір мәмілеге келе алған екі адамның одағы.
"Қарым қатынас дегеніміз - ол отбасылық рәсімдер, тілдесудің ерекше түрі. Махаббаттың бірнеше деңгейі бар, олардың бірі бұзылса, басқалары да құрдымға кетеді. Менің үнемі айтатыным – қарым-қатынаста қандай да бір проблемалар болса, ол не ішкі проблема, не байланыс орнатудағы проблема. Біздің рәсімдеріміз – жаяу серуендеу, бірге таңғы ас ішу. Екеуіміз ғана қалып, кино көргенді ұнатамыз. Жұбайлар мен серіктердің қарым-қатынасы әрқашан «мен және сен» екенін түсіну керек. Баламен арадағы қарым-қатынас – мүлдем басқа сала. Ал серіктестер арасындағы қарым-қатынастар ол – махаббат, секс, олар өмірдің ұмытуға болмайтын бөліктері", - дейді Виктория.
Әңгіме барысында Виктория Моминбаеваның енесімен қарым-қатынасы тақырыбы да қозғалды. Жоба қонағы әйел адамның ер азаматының табысты болуына қалай әсер ететіні жайлы пікірін де бөлісті.
"Қарым-қатынасымыз керемет, жалпы, бәрімен қарым-қатынасым тамаша. Мен басқалармен бірқалыпты, дипломатиялық, кей кездері жақын қарым-қатынастар құруға тырысамын. Бәрі кіммен және қалай болатынына байланысты, адамның көзқарастары, құндылықтары, сенімдері менікімен ұштасып жатса, әрдайым ашықпын. Қалай болғанда да, достық қарым-қатынас құру қолымнан келеді. Табысты ер азаматты қолдан жасап шығару мүмкін емес. Жалпы, адамды өзгерту мүмкін емес. Әйел тек күйеуіне қуат беріп отырады. Әйелдің қолынан келмей, үнемі шағымдана беретін болса, ер азаматына да сондай энергия береді. Мұндай энергиямен еркектің биіктерді бағындыруы екіталай", - дейді көпбалалы ана.
Жоба кейіпкері отбасылық өміріндегі кез-келген қиын сәттерге, оның ішінде алты баласының тәрбиесіне байланысты жайттарға да әзілмен қарауға тырысады.
"Шамадан тыс көңіл бөлу, өз бетінше әрекет ете алу және махаббат деген — әртүрлі нәрселер. Сен балаға беретін махаббат бөлек нәрсе. Дербестік балаға не істеу керектігін түсіндіріп беруді қажет ететін міндеттер қатарына кіреді. Сондықтан балаға мәжбүрлеп тұрып жақсылық жасаудың қажеті жоқ. Балаға бала болуға рұқсат ету керек, барлық жағынан мінсіз болу мүмкін емес", - деп түйіндеді Виктория Моминбаева.
ARU LIFE жобасының серіктесі - Аltel ұялы байланыс операторы. Компания Қазақстанда 4G-ден ондаған есе жылдам 5G технологиясын белсенді дамытуда.