Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко автокөліктердің "әдемі" нөмірлерін сатудан мемлекетке қанша кіріс кіргенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко автокөліктердің "әдемі" нөмірлерін сатудан мемлекетке қанша кіріс кіргенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"3 жылда ІІМ арнайы ХҚКО арқылы "әдемі" нөмірлерді сатудан 5 миллиард 548 миллион теңге кіріс көрді", - дейді Божко Мәжіліс сағаты кезінде.
"Келесі жылы арнайы ХҚКО Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында ашылады", - деп айта кетті Божко.
Мұның алдында Ішкі істер министрлігінің өкілдері көліктерді мемлекеттік тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізілетінін мәлімдеген болатын.
Атап айтқанда, сатып алушылар "әдемі" нөмірлердің тізімін арнайы ХҚКО-лардағы ақпарат тақталары мен ішкі істер органдарының сайттары арқылы таныса алатынын айтылған.