Виртуалды суыр Қазақстанға көктемнің ерте келетінін болжап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виртуалды суыр Қазақстанға көктемнің ерте келетінін болжап берді Facebook.com сайтынан

Виртуалды суыр Фил Қазақстанға көктемнің ерте келетінін божап берді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Астанадағы АҚШ елшілігінің Facebook әлеуметтік желісінде виртуалды суыр Филдың Қазақстанның ауа райына жасаған болжамы қазақ және орыс тілдерінде бейнежазба түрінде берілген. "Мен көктемнің келуіне орай талай болжамдар жасағанмын. Осы жолы маған Қазақстандағы АҚШ елшілігі Қазақстанда қыс қаншаға созылатыны жөнінде болжам жасауымды өтінді. Биыл Қазақстанға көктем ерте келеді", – деді суыр Фил өзінің бейнежолдауында. Айта кетейік, бүгін 2 ақпан күні АҚШ-та және Канадада Суыр күні мерекеленеді. Америкалықтар 1887 жылдан бері осы аң арқылы ауа райын болжайды. Осы уақытқа дейін суыр 16 рет қана көктемнің ерте шығатынын, 100 рет қыстың ұзақ болатынын болжаған. Суырдың божамдары 39 пайыз тура келеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети