22 сәуір 2020 | 18:15

"Вирус біз ойлағаннан да қатыгез". COVID-19 жұқтырған Надыров үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус жұқтырған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус жұқтырған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өздеріңіз білетіндей, мен қазір елордадағы стационарлардың бірінде ем алып жатырмын. Бұл жаңалық осындай шу туғызады еп ойламаппын да. Қолдау көрсетіп, көп хабарлама жазғандарыңызды көрдім. Бұл, әрине, маған күш береді, сіздерге рақмет!

Қуанышқа орай, ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Дәрігерлерімз бар күшін салып, кәсіби тұрғыда жұмыс істеп жатыр. Оларға рақмет, бас иемін, олар нағыз батырлар!", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Қызмет барысында аймақтарға бардым, әріптестермен кездестім, ауруханаларға бардым. Жұқтырып қалуым мүмкін екенін біліп, жүйелі түрде COVID-19 анықтауға тест тапсырдым. Бұған дейінгі тестілеулер теріс нәтижесі. Ал кеше кешке нәтиже оң болып шықты. Бұл бізге көрінбейтін жаудың қауқарын растайды.

"Бүгін Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы болып жұмысқа бастауым керек болатын. Жазылған соң бірден қызметке кірісіп, маған сеніп тапсырылған аймақта жұмыс істеуге дайынмын. Әзірге қашықтан жұмыс істеймін.

Қазақстандықтарға тағы да айтқым келеді! Вирус біз ойлағаннан да қатыгез. Ол ағзада білінбей жататындықтан, диагностиканы қиындатады. Сондықтан сақтық шараларын сақтап, толықтай оқшауланыңыз. Өзіңізді күтіңіз!", - деп жазды Надыров.

Еске салайық, бүгін вице-министр қызметінен босатылған Камалжан Надыровтан коронавирус анықталғаны белгілі болған еді.
 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети