Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев базарлардағы, "Алтын Орда" базарындағы көкөніс өнімдерінің қымбаттауы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев базарлардағы, "Алтын Орда" базарындағы көкөніс өнімдерінің қымбаттауы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда пияз өндірісі төрт есе көп екенін айтты.
Министрдің айтуынша, көкөніске сұраныс жоғары болғанымен, ашық нарықтық экономика жағдайында бұл олардың ішкі нарықтағы бағасының тұрақты болуына кепіл болмайды.
"Пияз өндірісін қысқарту керек, бұл көкөніспен өзімізді толықтай қамтамасыз еттік деп айта аламын. Сақтау мәселесіне келер болсақ, пиязды желтоқсанға дейін емес, сәуірге дейін сақтауға болады, баға тұрақталады.
Біз ішкі нарықты қорғау үшін экспортқа шектеу қойдық, бірақ ішкі нарық қамтамасыз етілгені туралы ақпарат алған бойда бұл шектеуді дереу алып тастадық", - деді Мәжілісте Қарашөкеев.
Осыған жауап ретінде Мәжіліс депутаты Альберт Рау нарық бағасы тұрақты деген пікірді қарама-қайшы деп санайтынын айтты. Мәжілісмен халыққа бұл өнім бағасының қымбаттауын қалай түсіндіруге болатынын сұрады.
"Осының бәрін адамдарға қалай түсіндіре аламыз? Тағы да шын мәнін де, барлығын бір қарап, жауапкершілікті өз мойнына алу оңай емес", - деді Рау.
Сауда және интеграция вице-министрі Арман Шаққалиев баға не себепті өскенін түсіндірді.
"Біріншіден, ресейліктер бүгінде пиязды сатып алуға алдын ала келісімшарттар жасап, экспорт жүріп жатыр. Егістік алқабынан 35-50 теңгеге алынады. Бірақ қазір біз оларға экспортты жаба алмаймыз. Таразыда екінші мәселе бар. Олар "Бізде бәрі шіріп кетті, біз оны сатпаймыз. Біз нақты не ұсынамыз. Бүкіл Қазақстан бойынша 1,2 миллионнан бізге 300 мыңы қажет. Біздің мақсатты индикаторымыз - бұл қала халқы".
"Ең бірінші жасап жатқан ісіміз – осы аптада Қызылорда да күріш жәрмеңкесі өтіп жатыр, онда тұрақтандыру қорларына әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар келісімшартын жүргіземіз. БҚО да былтыр алдын ала келісімшартқа отырды. Оларда пияздың инфляциясы нөлге тең. Өйткені ол Жамбыл облысында 15 мың тонна келісімшарт жасап, сақтауға бергендіктен, сақтауды өздері біледі", - деді Шаққалиев.
Оның айтуынша, Қазақстанда сақтаумен сапалы түрде айналысатын екі облыс бар. Бұлар Қордай және Шу өңірлері.
"Олар технологияны өте жақсы қадағалайды. Біріншіден, форвардқа бөлінген қаржы тікелей шаруаларға берілуі керек. Бүгінде ӘКК аймақтарының мүмкіндігі 94 миллиард теңге. Биыл күзде өзімізді пиязбен қамтамасыз ету үшін бізге 94 миллиард қажет емес. Нарықтағы жағдайға әсер ету үшін бізге небәрі 25 мың тонна керек. 25 мың тонна – пияз 70 теңге тұрады, 10 теңге ең жоғарғы сақтау бағасы. Жалпы алғанда ол 5 ай сақталады, бұл 50 теңгеден 70 теңгеге дейін. Оған қоса 15 пайыздық үстемесі бар", - деп түсіндірді Шаққалиев.
Ол түптеп келгенде, пияздың бағасы 170 теңгеден аспауы керек екенін айтты.
"Сондықтан биылғы жылдың күзінен бастап біз мұны істейміз. Басқа амалымыз жоқ. Мұның барлығы ақпараттық жүйеге жүктеледі.
Әрине, бізде нарықтарға қатысты сұрақтар бар. Қазір біз Алтын орданы, мониторингтік топты, Бас прокуратураны, Ішкі істер министрлігін мұқият қарап жатқанымызды білесіздер, әр базармен осындай жұмыс жүргізетін боламыз. Тарату мен қолжетімділікке келетін болсақ, егер сіз оны ішкі нарықта сатсаңыз, онда сіз ӘКК субсидияларынан, қаржыландыру аласыз", - деді вице-министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!