12 қараша 2020 | 14:51

Вице-министр Бозжыра шатқалындағы құрылыс туралы: бірде-бір тұжырымдама бекітілген жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары барысында Бозжыра шатқалындағы құрылыс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары барысында Бозжыра шатқалындағы құрылыс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өркен Бисақаев 2020 жылдың шілдесінен бастап аймақта келушілердің көбейгені байқалатынын және бұл туризмді дамытудың келешегі зор екенін айтты.

"Бүгінде Rixos қонақүйінен басқа танымал бағыттардың бірі Бозжыра шатқалы. Біздің есептеуімізше, келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда кем дегенде 10 есеге өскен. Онда кемінде 2000 адам барған. Келесі жылға болжам: Бозжыра аймағына кемінде 10 000 адам келуі керек", - деді Өркен Бисақаев жұмыс сапары аясында.

Бұған дейін БАҚ өкілдері жергілікті билік "Бозжыра сафари-қонақүйі" жобасын іске асыруы мүмкін екенін жазған болатын. Алайда экологтар бұған қарсы шығып, құрылыс жұмыстары табиғатқа орны толмас зиян келтіруі мүмкін деген пікір айтқан.

Вице-министр Бозжыра шатқалында инфрақұрылымды ретке келтіру мен ондағы туристердің тыныс-тіршілігі мен қауіпсіздігі мәселелерін шешу бойынша шаралар кешенін қамтамасыз ету талап етілетінін атап өтті.

"Бозжыра жеріндегі құрылыс мәселесі қоғамдық талқыдан, экологиялық сараптамадан, оның ішінде қоршаған ортаға әсерін бағалау жұмыстарынан өтуі тиіс. Қазіргі таңда қонақүй құрылысы жоспарланбаған, бірде-бір тұжырымдама бекітілген жоқ", - деп түйіндеді Өркен Бисақаев.

Өркен Бисақаев жағдайды түсіндіріп, экономикалық қажеттіліктер мен экологиялық процестерді сақтау арасындағы теңгерім маңызды екенін атап өтті:

"Бозжыра аумағын қарап шыққанда, онда қозғалыс мүлдем еркін екенін, яғни адамдар мен автокөлік еркін жүре алатынын және жер бедері қандай да бір арнайы дайындықты талап етпейтінін көрдік. Біздің ойымызша, жергілікті ауданға адамдар көп келе бастағанда аймаққа қауіп төнеді. Таудың өзі емес, топырақтың ерекшелігіне байланысты әсіресе іргелес тұрған бөлігі осал болуы мүмкін. Сондықтан келушілердің ағынын реттеп, басқару үшін туристерді Бозжыра тауына жақын жерде қабылдайтын туристік объектілер мен автокөліктердің қозғалысы үшін жолдар қажет".

Бозжыра "Жабай ұшқан" жергілікті маңызы бар қорықшасының аумағында орналасқан. "Жабай ұшқан" Маңғыстау облысы әкімінің 2012 жылғы қаулысына сәйкес құрылған және облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне жатады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети