29 қыркүйек 2021 18:11

Вице-министр дизель отынына қатысты проблеманы түсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанда дизель отынына байланысты туындаған проблемаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанда дизель отынына байланысты туындаған проблемаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тамыз бен қыркүйекте үш зауыт тұрақты жұмыс жасады. Біз өндіріс бойынша рекорд жасап, тамызда 508 мың тонна дизель отынын шығардық, қыркүйекте де шамамен осындай көлемде болады. Бірақ тұтыну бойынша да осындай жоғары рекорд орнаттық. Тамызда бұл көрсеткіш 519 мың тоннаға жетсе, қыркүйекте 500-ден 518 мың тоннаға дейін болуы мүмкін. Тұтыну өндіріс көлеміне қарағанда жоғары қарқынмен өсті", - деп түсіндірді Мағауов Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде.

Ол кейінгі жылдары тұтыну көлемі әлдеқайда төмен болғанын атап өтті.

"Зауыттар осындай жоғары өнім шығаруының арқасында қорды жеткілікті деңгейде жинақтай аламыз, Павлодар зауытын күрделі жөндеуден өткіземіз деп ойладық. Бірақ тұтыну мөлшері артқасын, өкінішке орай, 11-12 күнге жететін 210 мың тонна мөлшерінде ғана қалып отыр.

Павлодар зауытының тоқтап қалуы республикадағы дизель отынының балансына әсер етеді, біз 100 мың тоннаға жуық дизель отынын Ресейден импорттау керек екенін байқап отырмыз", - деді вице-министр.

Ол өткен аптада министрлік қызметкерлері ресейлік әріптестерімен келіссөз жүргізгенін айтты. Қазақстанға дизель отынын жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Мағауов дизель отынын тұтынудың рекордтық өсуіне үлес қосқанын айтты. Оның айтуынша, басты себеп - энергия бағасының төмендігі.

"Қазір жанармай құю станцияларының үлкен желілері бағаны литріне шамамен 207-208 теңге деңгейінде ұстап тұр, қалған желілер қазірдің өзінде 230-240, бірақ біз жыл басынан бері литріне 200 теңге деген бағаны сақтадық, бұл Ресеймен салыстырғанда, 100 тенге,
Өзбекстанмен салыстырғанда, 70-80 теңгеге, ал Қырғызстанмен салыстырғанда, 61 теңгеге жетіп отыр. Бәрі Қазақстан шекарасында жанармай құюға тырысты, сондықтан тұтыну мөлшері күрт өсті", - деп түсіндірді ол.

Еске салайық, Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеуге 1 қазанда тоқтайды. Зауыттың барлық технологиялық қондырғыларына жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

Бұған дейін Шымкентте дизель отыны талонмен сатыла бастағаны айтылды. Кейін Алматыда жанармай тапшылығы тіркелді. Сонымен қатар, Орал қаласының көлік жүргізушілері осы проблемаларға шағымданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети