Вице-министр Қазақстанда салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасына қатысты айтылған сынға жауап берді

17 Тамыз 2017, 12:19
0
Вице-министр Қазақстанда салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасына қатысты айтылған сынға жауап берді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр Қазақстанда салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасына қатысты айтылған сынға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрылыс нысанын тапсырыс беруші, мердігер, техникалық және авторлық қадағалау өкілдері - осы төрт инстанция бақылайды. Сондай-ақ, олар осы нысанды салу туралы құжатқа қол қояды. 2015 жылдан бері бізде бұл процесс жеңілдетілді, мемлекеттік комиссия деген жоқ. Нысанды пайдалануға беруге осы инстанциялардың қолы жеткілікті", - деді Роман Скляр брифинг барысында.

"БАҚ-тарда жарияланып жатқан тұрғын үй құрылысының сапасы жайлы мәліметтер еліміздегі тұрғын үй нысандарының барлығының жағдайы сондай екенін білдірмейді", - деді вице-министр.

Оның айтуынша, 2016 жылы 10,5 миллион шаршы метр пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, ол құрылыста көбіне отандық материалдардың қолданылатынын айтып өтті.

"Ол материалдар арзан немесе қымбат деп айта алмаймын, себебі барлығы салынатын тұрғын үйдің класына байланысты. Компания бірінші кластағы тұрғын үйді салатын болса, онда, әрине, жақсы материалдар қолданылады. Ал төртінші кластағы тұрғын үйлерге өздеріне лайықты сапалы материалдар қолданамыз", - деді инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай