07 тамыз 2018 13:52

Вице-министр қазақстандық мұғалімдердің орташа жалақысын айта алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық мұғалімдердің орташа жалақысын айта алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық мұғалімдердің орташа жалақысын айта алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметте өткен баспасөз-конференциясы барысында вице-министрден қазіргі уақытта мұғалімдер орташа есеппен қанша жалақы алатыны жайлы сұрақ қойылды.

"Биыл педагогика қызметкерлерін аттестациялаудың жаңа жүйесі енгізілді. Олардың жалақысы категориясына байланысты. Мұғалімнің нақты қанша ақша алатынын айту қиын. Бұрын біз жалақының үстінен 17 мың теңге қосылғанын айтсақ, қазір ол 30 пайызға дейін көбейді. Яғни, жаңа бағдарлама бойынша білім беретін мұғалімдердің жалақасы 30 пайызға көбірек. Мұғалім жалпы бірінші, екінші немесе үшінші категорияда болуы мүмкін. Оның алатын жалақысы да сәйкесінше әр түрлі болады. Ал ауылдық жерде жұмыс істесе, үстінен тағы 25 пайыз қосылады", - деді вице-министр.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мұғалімдерге қосымша ақы беріліп жатыр.

"Бүгінде жаңартылған бағдарламалар бойынша жұмыс істейтін мүғалімдердің жалақысы 30 пайызға көбейді. Ондай мұғалімдердің саны 205 мыңға жетеді. Республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге де ақша бөлініп жатыр", -деді білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети