01 қазан 2020 | 18:01

"Дайындық үшін дәрі-дәрмектерді сатып алудың қажеті жоқ" - вице-министр коронавирустың екінші толқыны жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қазақстандықтарға коронавирустың екінші толқынына қалай дайындалу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қазақстандықтарға коронавирустың екінші толқынына қалай дайындалу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі таңда барлық емханада коронавирусты амбулаториялық емдеуге арналған дәрі-дәрмектер бар. Бұл біздің дәрігерлер тағайындайтын бес дәрі. Сондықтан коронавирус инфекциясының болуы мүмкін екінші толқынына дайындық үшін дәрі-дәрмектерді сатып алудың қажеті жоқ.

Сондай-ақ, тегін дәрі-дәрмектер тізімінде өткір респираторлық вирустық инфекциялармен, сондай-ақ әртүрлі бактериялық пневмониямен ауыратын науқастарды қамтамасыз ету бар. Тізімге дене қызуын түсіретін және қабынуға қарсы препараттар, сондай-ақ антибиотиктер кіреді. Барлық препаратты пациенттің жағдайы бойынша учаскелік дәрігер тағайындайды", - деді вице-министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ол әлеуметтік қашықтық пен қоғамдық орындарда бетперде тағуды ұмытпау керегін еске салды.

"Әрине, қазір өз-өзіңді қорғау керек - әлеуметтік қашықтық сақтап, үнемі бетперде тағып және адамдар көп жиналатын жерлерге бармаған жөн. Тіпті емханаларда біз қазір екінші толқынға, жалпы вирустық инфекциялардың маусымдық өсуіне дайындалып жатырмыз. Санитарлық ережелерді сақтау керек", - деді Ажар Ғиният.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети