Вице-министр Қытаймен шекарада жүктің жиналу себебін атады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вице-министр Қытаймен шекарада жүктің жиналу себебін атады Фото ©REUTERS

Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев Қазақстан-Қытай шекарасында туындаған шектеулердің себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев Қазақстан-Қытай шекарасында туындаған шектеулердің себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қытаймен шекара мәселесі маңызды әрі өзекті. Проблемаларды көріп отырмыз. Бірақ басты себеп ковид екенін, Қытай өз шекараларын тауарлардан толығымен жабатынын түсініп отырмыз. Келетін тауарларды екі, кейде үш рет тазартады. Соған орай жүк ұзақ уақыт бойы шекарада тұрады", - деді Қазанбаев ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, бизнеске көмек көрсету үшін қазақстандық тарап Қытаймен келіссөздер жүргізіп жатыр.

"Тауар жеткізуді барынша қысқа мерзімде жүзеге асыру үшін келісуге тырысамыз. Әлемдегі COVID-19 жағдайы төмендемейінше, Қытай тарапынан шекара мен коронавирус жағдайын жеңілдететін шаралар жүзеге асырылмайынша, шекара жабық болуы мүмкін. Егер жағдай жақсарса, Қытай да өз шекарасын біртіндеп ашады", - деп толықтырды вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети