Вице-министр ҰБТ кезіндегі жанжал жөнінде түсінік берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
 ©Vesti.kz ©Vesti.kz

ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Тахир Балықбаев ҰБТ кезінде түлектерді шешіндірумен байланысты жанжалға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Тахир Балықбаев ҰБТ кезінде түлектерді шешіндірумен байланысты жанжалға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, біз білеміз, ондай хабар болды. Бірінші кезекте мынаны айтқым келеді: бұл жерде басты мәселе - технология, тәртіптің сақталуы міндетті, ұялы телефон не қандай да бір жабдық алып кірмеу керек. Атырауда, басқа қалаларда тестілеуге кірер алдында кешігу болды. Біз 1,5 сағат ішінде балалардың бәрін кіргізуді ойлаймыз, біз металліздегіш қойдық, балалардың бойынан металл бұйымдар табылып жатты. Бір телефон шығады, екі телефон шығады, сөйтіп, 22 мың телефон процесті кідіртеді", - деді вице-министр.

"Ал Қарағанды облысындағы Атасу пунктінен келген хабарлама бойынша тінту дерегі расталмады, екінші жағынан, қазір ата-аналар прокуратураға шағымданды. Прокуратура мән-жайды анықтайды, содан кейін анық-қанығын айтатын боламыз. Бірақ біздің өкілдеріміз түлектерді шешіндіру дерегінің болмағанын айтып отыр. Тестке кешігіп кіргізу бар, бірақ ол балалардың телефонды бірден тапсырмауынан болып жатыр", - дейді Балықбаев.

Төрт күн ішінде ҰБТ-ға 76 948 түлек қатысты, олардың 26-сы ережені бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Тыйым салынған 37 773 зат тәркіленді. Қазір орташа балл 76,8 болып тұр. 17 811 түлек шектік балды иелене алмады.

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу 2 маусым күні басталған еді, барлығы 92 мыңнан астам мектеп бітіруші сынақ тапсырады. Тестілеудің алғашқы екі күні Алматы қаласынан екі түлек ең жоғарғы балл алды. Сынақ биыл да жанжалсыз болмады, бірінші күні ұлттық бірыңғай тестілеудің тапсырмалары ғаламдық желілерде жарияланған болатын. Ұлттық тестілеу орталығының мамандары оның түпнұсқа екенін растады. Еліміздің бірқатар аймағында ата-аналар ҰБТ-ны өткізу кезінде ережелер бұзылғанын айтып шағымданды. Айталық, Қарағанды облысында ата-аналар тестілеу алдында комиссия өкілдерінің балаларға психологиялық қысым көрсеткенін айтты. Кейбіреулер, тіпті, комиссияның балаларды шешінуге мәжбүрлегенін, киіміндегі металл заттарды жұлып алғызғанын жеткізді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro