Вице-министрдің қызметінен кетуі: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вице-министрдің қызметінен кетуі: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады Фото: primeminister.kz

Энергетика министрлігі өкілдері вице-министр Жандос Нұрмағанбетов "ведомство басшылығымен арадағы жанжалға байланысты жұмыстан шығып жатыр" деген қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрлігі өкілдері вице-министр Жандос Нұрмағанбетов "ведомство басшылығымен арадағы жанжалға байланысты жұмыстан шығып жатыр" деген қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрмағамбетов электр энергетикасы, ЖЭО, ЖЭК салаларына жетекшілік еткені белгілі.

"Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында, кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылады. Желіде таралған вице-министр мен ведомство басшылығы арасындағы жанжал туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, Жандос Нұрмағанбетов 2003-2005 жылы "Каруглесбыт" ЖШС директорының орынбасары, директоры; 2005-2006 жылы "Карагандинская региональная энергетическая компания" ЖШС директоры; 2008-2010 жылы "Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы" АҚ бас директоры; 2011-2013 жылы "Қызылорда" ӘКК" АҚ басқарма төрағасы; 2013-2020 жылы "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы есеп айырысу орталығы" ЖШС бас директоры; 2020-2021 жылы "KEGOC" АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

2021 жылғы 13 желтоқсаннан бастап энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети