27 қыркүйек 2022 | 13:22

Вице-премьер көші-қонға қатысты қазіргі жағдай туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин көші-қонға қатысты қазіргі жағдай туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин көші-қонға қатысты қазіргі жағдай туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей азаматтарының легі туралы айта келе, вице-премьер қазақстандықтарды дүрбелең тудырмауға шақырды.

"Кейінгі жылдары бізге тек "қара аққулар" ұшып келіп жатыр. Ол жақсы ма, жаман ба деген сұрақтарға біржақты жауап беру қиын. Мен Өзбекстанда болдым, келесі жылдың қысы мен көктеміне көкөніс сатып алуға келістік. Онда да адамдар көп. Онда да байқалады. Адамдар жақсы өмір сүріп жатқандықтан келмейді.

Ең алдымен, азаматтарымыздың өмір сүру жағдайы қандай да бір жолмен нашарламауы үшін теңгерімді есептейміз. Ал қалғанының бәрінде - жағдайдың даму фактісіне сүйенеміз. Көбісі Қазақстан арқылы транзитпен жүреді, бұл олар осында қалады дегенді білдірмейді. Сондықтан жағдайды бақылап, әзірше үрей туғызбау керек", - деді Жұманғарин Үкімет кулуарында.

Вице-премьер әзірге азық-түлік бағасының өсуі байқалмағанын айтты.

"Мен мониторинг жүргізіп жатырмын. Азық-түлікке жатпайтын тауарларға қатысты, негізінен, халық тұтынатын тауарларға қатысты болмашы мәселелер бар, сондықтан жиын өткіземіз", - деп түйіндеді ол.

"Қара аққу" термині болжау мүмкін емес, бірақ тарих бағытын түбегейлі өзгертетін белгілі бір маңызды оқиғаларды білдіреді. Теорияның авторы – ливандық ғалым Нассим Николас Талеб. Оның дәл осылай аталатын кітабы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети