Вице-премьерлер шұғыл жағдайда ғана арнайы бортпен ұшады - үкімет

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары өңірлерге арнайы бортпен тек шұғыл жағдайларда ұшады. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісінің сұрауына жауапта хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары өңірлерге арнайы бортпен тек шұғыл жағдайларда ұшады. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісінің сұрауына жауапта хабарлады.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Қазақстан бойынша жеке жұмыс сапарларында "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясының литерлік рейстерін пайдаланған болатын. Бұл ретте, үкімет мәліметінше, ұшақ бортында вице-премьерлерден бөлек, делегациялар мен комиссиялардың басқа да өкілдері - мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары болған.

Мұндай жағдай әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін және халық көтерген мәселелерді шешу үшін қызметтік мақсатта жүзеге асырылатыны хабарланды.

"Бүгінгі таңда бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында премьер-министрдің орынбасарлары Қазақстан бойынша қызметтік іссапарлар шеңберінде коммерциялық авиакомпаниялардың жолаушылар рейстерін басым тәртіппен пайдаланады деген шешім шығарылды.

Бұл ретте литерлік рейстерді ел басшылығының тапсырмасы бойынша жедел шаралар қабылдауды талап ететін шұғыл жағдайларда қолдануға болады", - деп хабарлады Министрлер кабинеті өкілі.

Бұған дейін Telegram-дағы ProTenge арнасында бұл туралы ақпарат жарияланған, онда Бақыт Сұлтанов бюджеттен Алматы облысына екі күндік іссапарына 9,6 миллион теңге жұмсады делінген еді.

17 мамырда вице-премьер Ералы Тоғжанов журналистің "министрлердің миллиондаған қаражатқа жасаған іссапарлары" туралы сұрағына жауап бере отырып, қазақстандық министрлердің жеке ұшақтары жоғын, сондықтан рейс ұшақтарымен ұшатынын мәлімдеген болатын.

17 мамырда вице-премьер Тоғжанов журналистің сұрағына жауапта, қазақстандық министрлердің жеке ұшақтары жоқ екенін, сондықтан рейстік ұшақтармен ұшатынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro