ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі "Вернуть Северный Казахстан России" (Солтүстік Қазақстанды Ресейге қайтар) және «Северный Казахстан – это русская земля» («Солтүстік Қазақстан – орыс жері») атты топ парақшасы өшіріліп тасталды. Бұл туралы Тengrinews.kz сайты тілшісінің ресми сұрауына жауап берген Байланыс және ақпарат агенттігі хабарлады.
ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі "Вернуть Северный Казахстан России" (Солтүстік Қазақстанды Ресейге қайтар) және «Северный Казахстан – это русская земля» («Солтүстік Қазақстан – орыс жері») атты топ парақшасы өшіріліп тасталды. Бұл туралы Тengrinews.kz сайты тілшісінің ресми сұрауына жауап берген Байланыс және ақпарат агенттігі хабарлады.
"Ведомстваның (агенттіктің) ресми сұрауы бойынша "ВКонтакте" әкімшілігі аталған топты өшірді" - дейді баспасөз қызметі.
"Бұл әлеуметтік топтар Қазақстанның және Ресейдің заңдарын бұза отырып, мемлекеттік суверенитетке, территориялық тұтастыққа қауіп төндіретін және ұлт-аралық араздық туғызатын қадамдарға барған", - делінген хабарламада.
Біраз уақыт бұрын Қазақстан ІІМ әлеуметтік желілерді бақылауда ұстау мүмкін емес екенін хабарлаған еді. Осы топ алғаш пайда болған кезде: "Әлеуметтік медиа - өте күрделі сфера болып саналады, оған бақылау қою мүмкін емес. Егер де солай ойлайтын азаматтар болса, Сіздер адамдардың санасына бақылау жасай алмайсыздар. Мен олардың құрамында жүз адам бар екенін көрдім. Біз деректік тұрғыда маргиналдық топтағы ресейлік маргиналдық топтармен байланысы бар азаматтарды қадағалап отырамыз", - деген еді Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.
Естеріңізге саламыз, 23 ақпан күні "Россия-24" арнасы митингке қатысқан депутат Владимир Жириновскийдің Орталық Азияны тәуелсіздіктен айыру туралы ойын көрсеткен еді. Эдуард Лимонов атты оппозиционер Facebook-тегі жеке парақшасында Украинадағы оқиғаларға және Қазақстандағы доллар курсының өзгеруіне байланысты Ресей билігіне кеңес беріп, украин және қазақ территориясына аннекция жариялау керектігін мәлімдеген еді.
Мұның артынша Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей саясаткерлерінің мұндай істеріне ұялатынын мәлімдеді.
"Мен бұл жол берілмейтін әрекеттер деп есептеймін. Бір ғана нәрсе айтайын - біздің заңдарымызға сәйкес, Ресейдің ұстанымын президент, премьер және сыртқы істер министрі ғана білдіре алады. Ресейдің сыртқы саясатына жауап беретін және оны жүргізетін ресми тұлғалардың аузынан аталған кейіпкерлер айтқан сөздерді ешқашан естімейсіздер", - деді ол өз сөзінде.