Владимир Божконың баласы облыстық мәслихаттың депутаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Божконың баласы облыстық мәслихаттың депутаты болды © Айнаш Өндіріс

Парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Владимир Божконың баласы Максим Божко Ақмола облысы мәслихатының депутаты болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 35 жастағы Максим Божко "Нұр Отан" партиясынан Целиноград ауданы бойынша 78,8 пайыз дауыс жинап, сайланыпты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Владимир Божконың баласы Максим Божко Ақмола облысы мәслихатының депутаты болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 35 жастағы Максим Божко "Нұр Отан" партиясынан Целиноград ауданы бойынша 78,8 пайыз дауыс жинап, сайланыпты. 

"Ақмола облысы ауыл шаруашылығына бейім өңір болғандықтан, мен инфрақұрылым мәселелерін көтеремін, яғни жолдар, электр және халыққа да, шаруашылық нысандарына да су жеткізу. Біз өндірістік қауіпсіздік мәселелерін дамытамыз, бұл "Нұр Отан" партиясының бағдарламасында айтылған", - деді Максим Божко сайлауға бірінші рет түскенін айта келе.

Сонымен қатар, Максим Божко сайлауға түсуге әкесі ҚР ІІМ экс-вице-министрі Владимир Божконың Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліске ұсынылуынан бұрын шешім қабылдағанын айтты. "Ол зейнет жасына жеткендіктен, оның саяси аренадағы мансап жолы аяқталуға жақын еді. Бірақ оның Мәжіліске ҚХА-дан ұсынылуы бірінші кезекте Президенттің сенімін көрсетіп отыр. Әкеммен мақатанмын", - деді ол.

Айта кетейік, Максим Божко Гумилев атындағы Еуразиялық университетті аяқтап, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Вашингтон университетінде Project management мамандығы бойынша оқып шыққан. 2009 жылдан бастап ауыл шаруашылығы және құс шаруашылығы салаларында бизнеспен айналысады. "Шаңырақ" холдингінің тең құрылтайшысы.

"Мен ҰҚК, ІІМ және ТЖМ сияқты құрылымдарға еш қатысы жоқ істермен айналысамын. Бұл менің тағдырым. Әкемнен бірінші кезекте ген, екіншіден тәрбие алдым", - деді Максим Божко.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети