Владимир Путин Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин. ©РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресей президенті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаған сөзінде өтіп бара жатқан жылы Ресей - Қазақстан қатынастарының одақтастық пен тату көршілестік рухында белсенді дамығанын, елдердің бірлесе күш салуының арқасында посткеңестік кеңістікте интеграция процестері сапа жағынан жаңа деңгейге жеткенін: Еуразиялық экономикалық одақ іске көшіп, 2015 жылдың 1 қаңтарында өз жұмысын бастайтынын айтты", - делінген хабарламада.

Путин екі ел екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде сындарлы диалог пен серіктестік өзара әрекеттерді табысты жалғастыратынына, мұның Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының мүддесіне толық жауап беретініне сенім білдірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети