Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ресей президенті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаған сөзінде өтіп бара жатқан жылы Ресей - Қазақстан қатынастарының одақтастық пен тату көршілестік рухында белсенді дамығанын, елдердің бірлесе күш салуының арқасында посткеңестік кеңістікте интеграция процестері сапа жағынан жаңа деңгейге жеткенін: Еуразиялық экономикалық одақ іске көшіп, 2015 жылдың 1 қаңтарында өз жұмысын бастайтынын айтты", - делінген хабарламада.
Путин екі ел екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде сындарлы диалог пен серіктестік өзара әрекеттерді табысты жалғастыратынына, мұның Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының мүддесіне толық жауап беретініне сенім білдірді.