ПОДЕЛИТЬСЯ
09 маусым 2020 | 13:47
"Выгодный займ", "Гарант 24 Ломбард" және "Estate ломбард" салымшылары 8 миллиард теңгеден айырылған
"Выгодный займ", "Гарант 24 Ломбард", "Estate ломбард"-тың 39 мың салымшысы сегіз миллиард теңге мен мүлкінен айырылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Выгодный займ", "Гарант 24 Ломбард", "Estate ломбард"-тың 39 мың салымшысы сегіз миллиард теңге мен мүлкінен айырылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Осы алаяқтармен қоса, танымал тұлғалар мен әртістер жауапқа тартылып жатыр, БАҚ-тарда агрессив жарнамалар жарияланып жатыр. Осылайша алаяқтардың әрекетінен 39 мың салымшы 8 миллиард теңгеден және мүлкінен айырылды. Қазір олардың көбінің материалдық жағдайы қиын", - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев онлайн брифинг барысында.
Министрдің айтуынша, ІІМ өңірлік филиалдардың 25 басшысына қатысты қылмыстық істі тергеу мақсатында жедел-тергеу тобын құрды. Үш басшы елден қашып, жасырынып жүрген дейді Тұрғымбаев.
Министрдің айтуынша, шетелде қашып жүрген күдіктілердің барлығы ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Біреуі Молдовада, біреуі Қырғызстанда, тағы біреуі Ресейде жасырынған. Бұл істің барлығы бақылауда.
"Гарант 24 Ломбард" және "Estate Ломбард" директорлары ұсталды
Алдын ала мәлімет бойынша, бұл қаржы ұйымдары былтыр жыл аяғынан бері өз ойларын жүзеге асырып келген. Олар азаматтарға жақсы үлеспайда береміз деп өз қаражатын "тиімді" салуды ұсынған. Осының арқасында қылмыстық жолмен бөтеннің қаражатын иемденген.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также