1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Гарант 24 Ломбард" және "Estate Ломбард" директорлары ұсталды

© instagram/garant_24 © instagram/garant_24

Алматыда полицейлер қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі қаржы ұйымының өңірлік директорларын ұстады. Бұл туралы 22 ақпанда кешкі уақытта қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел-іздестіру шаралары барысында "Гарант 24 Ломбард" және "Estate Ломбард" директорлары ұсталды, олар бірнеше мәрте қаржы пирамидасына салымшыларды алаяқтық жолмен тартқан деген күдікке ілінді. 

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл қаржы ұйымдары былтыр жыл аяғынан бері өз ойларын жүзеге асырып келген. Олар азаматтарға жақсы үлеспайда береміз деп өз қаражатын "тиімді" салуды ұсынған. Осының арқасында қылмыстық жолмен бөтеннің қаражатын иемденген. 

Қазіргі уақытта осы қылмыстық кәсіпті ұйымдастырушылар ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары "Алаяқтық" бабы бойынша жүргізіледі. 

Бұған дейін Атырау, Павлодар, Тараз және Қарағандыдағы "Гарант-24 Ломбард" ЖШС аймақтық филиалдарының басшылары ұсталған.