Қазақстандықтар ел аумағында WhatsApp мессенджері жұмысын тоқтататыны туралы ақпарат таратып жатыр. Мектептерге бұл туралы ресми хабарлама жіберілген. Stopfake.kz порталының мәліметінше, бұл - жалған ақпарат.

Портал мәліметінше, БҒМ білім беру мекемелеріне немесе басқа жерлерге мұндай хабарламалар жібермеген.
"Министрлік білім беру ұйымдарына мұндай ақпарат жіберген жоқ. Білім және ғылым саласындағы барлық өзекті және сенімді ақпарат пен жаңалықтар әлеуметтік желілерде және ҚР БҒМ сайтында жарияланады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Мессенджер Қазақстан аумағында жұмысын тоқтатады деуге ешқандай негіз жоқ. Мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да, БАҚ-та да тиіс ақпарат шыққан жоқ. Сондай-ақ, Қазақстанға қатысты ешқандай санкциялар енгізілмегенін атап өткен жөн.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!