13 қараша 2020 | 09:11

WhatsApp-та тараған қазақстандық жүргізушіге қатысты қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Желі қолданушылары таратқан видеодағы алысқа қатынайтын жүргізушіге қатысты қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желі қолданушылары таратқан видеодағы алысқа қатынайтын жүргізушіге қатысты қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp мессенджерінде ауыр жүк көлігінің жүргізушісінің жағдайы нашарлап кеткені туралы видео тараған. Жерде жатқан ер адамның жанында бірнеше адам жиналған. 

"Мына 296 05 жүк көлігін танитын кісілер бар ма екен? Мына кісі жолда жүрегі айнып, жатып қалды. Туған-туысқандары керек еді, телефоны бұғаттаулы. Жедел жәрдем шақырсақ жолда келе жатыр дейді. Жігіттер, танитындарыңыз болса, хабарласыңыздаршы", - дейді кадр сыртындағы ер адам. 

Желіде тараған видеоға қатысты Алматы облысының Полиция департаменті түсінік берді.

"11 қарашада шамамен сағат 17:00-де Volvo жүк көлігінің 60 жастағы жүргізушісі, Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны "Шымкент-Самара" тасжолында кенеттен көз жұмды. 

Куәгерлер бірден жедел жәрдем және Сырдария аудандық полиция бөлімшесінің жедел-тергеу тобын шақырды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм жүрек әлсіздігінен көз жұмған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Марқұмның туыстары болған жайттан хабардар", - деді ведомство өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети