Wildberries Қазақстанда 30 жылға салықтан босатуды сұрады - СІМ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Wildberries Қазақстанда 30 жылға салықтан босатуды сұрады - СІМ Фото ©РИА Новости

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Wildberries 30 жылға салықтан босатуды талап еткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Wildberries 30 жылға салықтан босатуды талап еткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Wildberries компаниясы - біз олармен бірнеше жыл бойы әртүрлі деңгейде келіссөз жүргізіп келеміз. Олар әртүрлі ой айтады, бірақ сіздерге айтарым, ең алғашқы келіссөздерде Wildberries 30 жылға салықтан босатуды, сонымен қатар қоймалар салуға көмектесуді сұрады, әрине, біз мұндай шарттарға келіспедік", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның айтуынша, қазақстандық тарап еліміздегі барлық бизнеске тең жағдай жасау туралы өз ұстанымын білдірген.

"Неге шетелдік компанияға тегін қоймалар салып, сауда-саттықты 30 жылға босатамыз (салықтан - еск.), тек сауда мен қойма, ал басқа отандық компаниялар ше? Сондықтан Wildberries шағын қоймалармен, үлкен қоймаларсыз жұмыс істейді", - деп қосты Айдаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 479.29   550.69   5.85 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети