АҚШ-тың мемлекеттік департаменті қазақстандық студентті іздестіріп жатыр, ол Нью-Джерсиде стриптиз билеумен айналысыпты, - деп хабарлайды New York Post.
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті қазақстандық студентті іздестіріп жатыр, ол Нью-Джерсиде стриптиз билеумен айналысыпты, - деп хабарлайды New York Post.
Басылымның мәліметінше, ол 2007 жылы АҚШ-қа Work & Travel бағдарламасымен Вирджиниядағы Marriott қонақүйіне жұмыс істеуге барыпты, бірақ нәтижесінде басқа қалаға кетіп, стриптиз билеумен айналысыпты. Әзірше өзге мәліметтер жоқ. Мемлекеттік департамент бұл мәліметті қазақстандық студенттерді визамен қамтамасыз етумен айналысқан ұйымнан сұратып отыр.
2007 жылы Қазақстаннан АҚШ-қа 21 студент қыздың барғаны және олардың ішінде біреуі ғана Вирджинияда жұмыс істеуі керек болғаны хабарланды. Marriott қонақүйлер желісінің екеуі тексерілді, олардың бірінде 11 шетелдік студент, ал екіншісінде бес шетелдік қыз жұмыс істеп жатыр. Алайда олардың ішінде қазақстандықтар жоқ болып шыққан.