Халыққа қызмет көрсету орталығы Көкпекті тұрғындарына құжат жасап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халыққа қызмет көрсету орталығы Көкпекті тұрғындарына құжат жасап жатыр Тengrinews.kz иллюстрациясы

Су тасқынынан зардап шеккен Көкпекті ауылында халыққа қызмет көрсетудің жылжымалы орталығы жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Су тасқынынан зардап шеккен Көкпекті ауылында халыққа қызмет көрсетудің жылжымалы орталығы жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұқаржырау ауданының халыққа қызмет көрсету мобильдік орталығы 31 наурызда Көкпекті елді мекеніне барды. Адамдар кеңес алу үшін хабарласып жатыр, табиғи апат салдарынан тұрғындардың көпшілігі төлқұжат, жеке куәлік сияқты құжаттармен бірге, үйінің техникалық құжатынан, машинасының құжаттарынан, білімі туралы дипломынан да айырылып қалған", - делінген хабарламада. 

"Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс тобы Көкпекті әкімдігінің ғимаратында күшейтілген режимде еңбек етуде. Мемлекеттік қызметтер көрсету мен құжаттарды қайта қалпына келтіру бойынша түсіндірме жұмыстары таң атқаннан кеш батқанша дейін жүргізіліп жатыр,- деп атап өтті "ХҚКО" РМК бас директорының орынбасары Әсемгүл Балташева.

Мобильдік ХҚКО-ның шалғай жатқан елді мекендерде тұрып жатқан тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін арнайы жұмыс жасап жатқандығын атап өту керек. Қазір Қазақстанда 70 мобильдік ХҚКО жұмыс істеп жатыр. Олардың сапарға шығу кестелері "ХҚКО" РМК сайтында үнемі жарияланып тұрады.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысы Бұқаржырау ауданындағы Көкпектіні суқойма суы шайып кеткен болатын. Жүздеген үйді кісі бойынан асатын су басып, ондаған баспана қирап қалды. Бес адам қаза тауып, алты адам ауруханаға түсті.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети