Халықтың несие алуы үдеп барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықтың несие алуы үдеп барады ©REUTERS

Қазақстандықтардың несие алуы артты. "Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеп отыр" деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазірде Қазақстан банктеріндегі теңгелік несиелердің көлемі 7930,6 млрд теңгені құрап, несие ауқымы 12,6 пайызға артқан. Ал валюталық несиелер теңгеге шаққанда 3320,9 миллиардқа жетіп, несие көлемі 13,9 пайызға өсім беріп отыр. . Осылайша 2013 жылғы несие ауқымы 13 пайызға көтерілді. Әсіресе елде заңды тұлғаларға несие ұсыну қызметі 10 айдың ішінде 8 пайызға өсіп, алынған несие көлемі 7670,8 млрд теңгені құраған. Ал жеке тұлғаларға берілген несие көлемі аталған мерзім ішінде 25,4 пайызға дейін өсім берген. Шағын және орта бизнес өкілдерін несиелендіру ісі өткен жылмен салыстырғанда 10,4 пайызға төмендеген. Жалпы, экономика бойынша сауда-саттық саласын, құрылыс істерін, ауыл шаруашылығын несиелендіру нәтижесіз емес. Сондай-ақ қазірде айналымда жүрген несие карталарының ауқымы 2,9 млн данаға жеткен. Осылайша нарықта белсенді карталардың ауқымы 14 пайызға дейін жетті. Несие карталары белсенді болып отырған қалалардың тізімінде Алматы көш бастап тұр. Олардың үлесіне жалпы несиелердің 90 пайызы тиесілі. Одан кейін 2,1 пайыздық үлеспен Астана екінші орынға табан тіреген. Айта кету керек, банктердегі өтелмей отырған несиенің жалпы көлемі 23,9 пайызға жеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети