24 мамыр 2023 15:39

Ядролық сынақтар: Жапония мен Қазақстанда зардап шеккендер қанша алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев Жапония мен Қазақстандағы ядролық сынақтардан зардап шеккендерге төленетін төлем көлемін салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев Жапония мен Қазақстандағы ядролық сынақтардан зардап шеккендерге төленетін төлем көлемін салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әуесбаев Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған ЖСДП фракциясының депутаттық сауалында Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғаудың проблемалық мәселелерін көтерді.

"Биыл Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойылғанына 32 жыл толды. 40 жыл ішінде онда 468 ядролық сынақ жүргізілді. Барлық жарылыстардың күші Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2500 есе көп болды. Аймаққа орны толмас экологиялық залал келтірді. Алдымызда әлі шешімін таппаған мәселелер бар", - деді депутат Әуесбаев.

Депутаттың айтуынша, өкінішке қарай, елімізде полигон қызметі салдарынан зардап шеккен қанша адам тұратыны туралы нақты деректер әлі жоқ. Түрлі мәлімет бойынша, 1,5 миллионнан аса адам зардап шеккен. Полигонға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары әлі күнге дейін радиациядан болатын аурулардан зардап шегіп отыр, радиация зардаптары олардың ұрпағына да әсер етеді.

"Қазақстандық заңнамаға сәйкес зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы төленеді, оның мөлшері аймаққа байланысты жеке белгіленеді және 1949 жылдан 1965 жылға дейінгі кезеңде әрбір жыл үшін ең көбі 18 000 теңге (5,23 АЕК) болады. Радиациялық қауіпті аумақтарда тұратын тұрғындар қосымша еңбекақы мен жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына құқығы бар. Бұл жеңілдіктер тек Семей аймағында ғана жарамды", - деді Нұрлан Әуесбаев.

Оның айтуынша, Жапонияда мұндай төлем түрлері ядролық бомбадан зардап шеккендерге ай сайын төленеді. Мысалы, атомдық сәулеленуге байланысты ауруларды емдеу үшін, денсаулықты бақылау, денсаулықты сақтау, мейірбикені жалдағаны үшін күтім төлемінің көлемі 1000 доллардан асады.

Депутат 2017-2019 жылдар аралығында өңірде зерттеулер жүргізіліп, бюджеттен қомақты қаржының ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалғанына қарамастан, оның нәтижесі ұсыныстар деңгейінде қалғанын атап өтті.

"2021 жылы мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен әзірленген тәсілдерді талқылау және нақты ұсыныстар енгізу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылатыны, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен әзірленген тәсілдермен қамтамасыз етуге көшуді нақты жүзеге асыру бойынша тәсілдер әзірленетіні хабарланды.

Сәулелену дозасына байланысты азаматтарға атаулы әлеуметтік қолдау көрсетілуі тиіс болған. Бұған дейін айтып өткенімдей, біз жұмыстың нәтижесін көрмей отырмыз", - деді Нұрлан Әуесбаев.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының депутаты ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды жеке есепке алуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды, ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтардың санаттарын анықтау критерийлерін қайта қарауды, ведомствоаралық жұмыс тобының жұмыс нәтижелерін ұсынуды және радиациямен ластанған аумақтарды қалпына келтіру бойынша шара қолдануды сұрады.

Үкімет бұрынғы Семей ядролық полигонының шартты түрде таза аумағының бір бөлігін беруді ұсынды. Бұрынғы энергетика министрі Болат Ақшолақов қатты ластанған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмей жатқанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети