Яна Легкодимованің ісі бойынша сотталғандарды колонияға жеткізу үшін арнайы қарауыл сұралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Яна Легкодимованің ісі бойынша сотталғандарды колонияға жеткізу үшін арнайы қарауыл сұралды azh.kz

Яна Легкодимованың өліміне кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Катимов пен Ризуан Қайыржанов әлі күнге дейін Атыраудағы тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.


Яна Легкодимованың өліміне кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Катимов пен Ризуан Қайыржанов әлі күнге дейін Атыраудағы тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері басылымға сотталғандардың әлі жазасын өтеу орнына жеткізілмегінін айтты.

"Өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталғандар қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша ҚАЖД тергеу изоляторында отыр. Оларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнайы қарауылын бөлуге өтінім жіберілді", - деді Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығы Азамат Ізтілеуов.

Оның айтуынша, арнайы қарауыл бөлінгеннен кейін сотталғандар әрі қарай жазасын өтеу орнына жеткізіледі. Сонымен қатар, этаппен жіберудің нақты мерзімі әзірге белгісіз.

Бұған дейін марқұмның анасы Галина Легкодимова Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдап, сотталғандардың жаза өтеу орнына қашан жіберілетінін түсіндіруді сұраған болатын.

Яна Легкодимованың ісі бойынша үкім 2025 жылғы 17 қарашада шықты. Сот 24 жастағы Ризуан Қайыржанов пен 25 жастағы Алтынбек Катимовты қызды өлтіріп, оның мүлкін жойғаны үшін кінәлі деп тапты.

Айыптаулар жиынтығы бойынша екеуі де төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Тергеу барысында Легкодимова мен Қайыржановтың 2022 жылдан бері таныс болғаны, бір университетте оқып, қарым-қатынаста болғаны анықталды. Өлімге өзара жанжал себеп болған: қыз жігіттің басқа біреуге үйленгелі жатқанын біліп қойып, бұл туралы қалыңдығына айтатынын жеткізген.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсталған екі азамат бұрын істі болмаған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 473.19   553.17   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети