Яна Легкодимованың өлімі: тергеушінің қызметі өсті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Яна Легкодимованың өлімі: тергеушінің қызметі өсті видео кадры

Атырау облысында 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі тергеген тергеушінің қызметі өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі тергеген тергеушінің қызметі өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызметтік міндетін абыроймен атқарып, аса ауыр қылмысты ашуда ерекше көзге түскен бірқатар полицей марапатталған.

"Тергеуді сапалы жүргізіп, кәсіби шеберлік танытқан тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция капитаны Темірхан Хажмұратов мерзімінен бұрын басшы құрамның арнаулы атағын алды", - деп жазылған хабарламада.

Атырау облысы ПД мәліметінше, марапатқа себеп болған - 2024 жылы із-түссіз жоғалған Яна Легкодимоваға қатысты аса ауыр қылмысты ашуда атыраулық полицейлердің кәсібилігі мен жедел әрекеті.

"Тәртіп сақшылары бейнебақылау дерегін саралап, жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, екі күдіктіні анықтап, істі толық ашты. Қос күдікті сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Яна Легкодимованың жантүршігерлік өліміне қатысты істің мән-жайы хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети