Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан ықылассыз үй салушыларға әсер етуін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан ықылассыз үй салушыларға әсер етуін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мұндай кәсіпкерлер азаматтардың белгілі бір деңгейде әлеуметтік наразылығын тудырады. Өздері құрылысты бастап кетеді де, ақша жинап алады, кейін міндеттерін орындай алмай, соңында азаматтардың экономикалық қызығушылықтарын төмендетеді. Нәтижесінде азаматтар сотқа жүгінуге мәжбүр болады", - деді Жақсыбеков.
"Олар азаматтардың құқықтық сауатсыздығын пайдаланып кетеді. Сосын өздеріне де, халыққа да кесірін тигізіп жатады. Біз жасаған бағдарламалардың беделін түсіреді. Сондықтан, Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан ықылассыз үй салушылардан жауап алуға көмектесуін сұраймыз", - деді әкім.
Астана әкімі ықылассыз үй салушылардың тізімін жариялады. Сонымен қатар, әкімдіктің құзырлы органдарынан "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңы бойынша белгіленген өлшемдер мен тұрғын үйді үлестіруді іске асыру жөніндегі материалдарды ішкі істер департаменті мен Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберуін сұрады.