TSO_story_5_kz
Ақтаулық жиһаз өндірушінің табысқа жету тарихы
Ынталандырып, алға жетелейтін ерекше күш бар.
KZ
Өмірінің ең қиын сәттерінде өзінің қызмет етіп жүрген саласын өзгерту кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол үшін сіздің жақындарыңыз бен жанашырларыңыздың қолдауы мен мотивация өте күшті болуы керек.
Бұл орайда Ержан Тасмағамбетовтің жолы болды. Ол жұмысынан өз еркімен шығып, өзінің шағын жиһаз цехын ашты. Бүгінде ол еліміздің ірі кәсіпорындары үшін заманауи эргономикалық жиһаз шығарумен айналысады. Tengrinews.kz "Жетістік хикаясы" жобасы аясында кәсіпкердің тұтынушылар базасын құрып, өндірісін дамыту туралы әңгімелейді.
Өткір сюжетті оқиғалар, қылмысты тергеу және күтпеген жағдайлар - мұның бәрін Ержан Тасмағамбетов бала кезінен шытырманға толы детективтерден оқып өскен. Әрине, ол осы салада жұмыс істеуді. Осылайша, балалық шақтан бері жүрек түкпіріне ұялаған аққанат арманы оны ҚР ІІМ Алматы академиясына алып келді. Оны тәмамдаған Ержан нағыз тергеуші болып шықты.
Мен мемлекеттік қызметте екі жыл жұмыс істедім, тәжірибелі тергеуші болдым, бірақ ол кезде жалақы аз болды, сондықтан қызметімді өзгертуге шешім қабылдадым.
Жұмыстан шыққан Ержан сатып алу мен логистика саласын меңгерді.
Ол жұмыс істеген компания Қытайдан шетелдік кәсіпорындарға тауар жеткізумен айналысты. Жаңа жұмыстан жақсы тәжірибе жинақтаған Ержан енді өзін кәсіпкер ретінде сынап көрмек болды.
Бастапқыда кәсіпкер болуды армандаған да жоқпын, бұл, анығын айтқанда, қажеттілік болды. Сондықтан мен қайтадан жұмыстан шығып, өзім жақсы білетін істі жалғастырмақ болып шештім. Бұл сауда-саттық саласы еді. Барлығы сәтті болып, саудам жүріп кетті, - дейді Ержан Тасмағамбетов.
Ержан қазір сәттілік туралы сенімді түрде айтып отыр. Ал әу баста бәрі тәуекелден басталған болатын.
2011 жылы ол отбасымен Ақтауда тұрды. Ержанның айтуынша, ол кезде бұл қаладағы өмір сүру деңгейі Астанаға қарағанда әлдеқайда жоғары болды. Жалдамалы пәтерде тұрды, отбасын, екі баласын асырау үшін еңбек етіп, ақша табу керек болды.
Сол кезде маған күш-жігер берген менің отбасым болды. Олар маған үлкен сенім артты, қандай тәуекелге бас тіккенімізді жақсы біле тұра, қолдау көрсетті. Себебі сол кезде менің екінші перзентім - қызым дүниеге келді. Ақтауда өмір сүру оңай болған жоқ, сондықтан күніңді көріп, аяғыңды нық басу қажет болды. Міне, осындай қиын кезеңде менің шешімімді қолдаған отбасымның көмегі көп болды.
Сөйтіп, 2011 жылы орда бұзар отыз жастағы Ержан Ақтауда өз ісін - шағын жиһаз цехын ашты.
Бұл жерде ол өз командасымен бірге жиһаздар мен сейфтер, сөрелер сияқты металл бұйымдарын жасауды жолға қойды.
Неліктен мен жиһаздан бастадым? Себебі бұл кез келген кәсіпорынның келбеті іспеттес, мейлі ол үстел болсын, сейф болсын, барлығына да жиһаз қажет. Сондықтан біз тұтынушыларға екі сегментті - металл және корпустық жиһаздарды ұсына бастадық. Сонымен қатар дистрибьюторлық келісімдер бойынша келіссөздер жүргізілді.
Жетістік хикаясы подкаст түрінде қолжетімді
"Ынталандырып, алға жетелейтін ерекше күш бар. Ақтаулық жиһаз өндірушінің табысқа жету тарихы"
Ержан басшылық ететін Tascom Supply & Services компаниясының ең алғашқы тұтынушылары банктер мен вахталық қалашықтар болды.
Алдымен компания өз өнімдерін тек Маңғыстау облысы бойынша жеткізе бастады, бірақ кейін географиясын кеңейтіп, басқа облыстарға да шықты. Бүгінде кәсіпорынның Ақтау, Атырау, Алматы және Астана қалаларында өкілдіктері бар.
Қазір мен бизнесті түрлі салаларда дамытуға тырысудамын. Әу баста тек жиһаз жасаудан бастасақ, қазіргі уақытта біз энергетика саласындағы құрылыс-монтаж жұмыстарына, нақтырақ айтсақ, электр монтаждау жұмыстарына, көштік. Біздің мақтанышымыз тек бұл ғана емес, біз өндіріс саласын, географиямызды кеңейтіп қана қоймай, "Теңізшевройл" (ТШО) сияқты ірі компаниясының табысты жеткізушісі болдық, - дейді Ержан.
ТШО-ға Ержанның компаниясы жұмыс кеңістігін жайлы ететін эргономикалық жиһаз жеткізеді.
Мұндай жиһазды жасау кезінде адамның физиологиялық қажеттіліктері ескеріледі. Осылайша, жұмыс орны әр жұмысшының анатомиялық ерекшеліктеріне қарай оңай бейімделе алады. Жиһаз еуропалық стандарттың барлық талаптарына сәйкес неміс өндірісінің экологиялық таза шикізатынан жасалған. ТШО-ның тапсырысын жасамас бұрын компания эргономика бойынша білікті маманнан кеңес алды.
ТШО қызметкерлерінің көпшілігі отырып немесе тұрып жұмыс істеуге ыңғайлы жаңа буын үстелдерін пайдаланады. Олар жұмыс уақыты 10 сағатты құрайтын, вахталық әдіспен еңбек ететін қызметкерлерге арналған. Ұзақ уақыт бойы бір қалыпта болу денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты ТШО жұмыс сапасын жақсарту жөніндегі талаптарды сақтай отырып, бізге қызметкердің өзі ыңғайлы болуы үшін биіктігін реттей алатын үстелдерді жасауды және жеткізуді ұсынды. Басқа серіктестер үшін біз эргономикалық кереуеттер, шкафтар, жылжымалы тумбалар, шкаф-купелер жасаймыз.
Ержан ТШО-мен серіктесе жұмыс істеудің оларға көптеген басқа компанияларға жол ашқанын жасырмайды.
Бірақ бұған көшбасшы ретінде үлкен шыдамдылық пен табандылықтың арқасында қол жеткізді.
Бәрі бірден бола кетпейді. Мысалы, біз ТШО компаниясына жеткізішу ретінде 2015 жылы тіркелдік, бірақ олардан алғашқы өтінімді тек 2016 жылдың қыркүйегінде алдық. Осы уақыт ішінде ТШО тарапынан бірнеше тексерістер болды. 2017 жылы бірнеше өтінімдер болғанына қарамастан, біз олар үшін жиһаз шығаруды негізінен 2018-2019 жылдары бастадық. Бірақ біз жай ғана қол қусырып күтіп отырған жоқпыз, корпоративтік мәдениетіміздің деңгейін көтердік, өнім сапасын арттырдық, менеджмент жүйесін дамытып, өзіміз туралы естеріне салып қоюды да ұмытпадық.
Осылайша, үнемі дамып, жетілдіріліп отырудың арқасында TasCom Supply & Services компаниясы ТШО-ның білікті қамтушысы болды.
Ал бүгінде Ержанның кәсіпорны ТШО-ға жиһаз жеткізіп қана қоймай, Болашақтағы кеңейту жобасы аясында электроматериалдарды жеткізуге де сұраныс алды.
ТШО компаниясы тек жоғары сапалы өнімдерді қолданатындықтан, біз немістің әйгілі Pfisterer компаниясымен дистрибьюторлық келісімге келдік. Олардың тұйықтаушы муфта, жылжымалы муфта, жалпы энергиямен байланысты өте жақсы өнімдері бар. Біз олармен ұзақ уақыт бойы келісімшарт бойынша келіссөздер жүргіздік және қазір олардың эксклюзивті дистрибьюторлары болып табыламыз.
Ержан ТШО-мен ынтымақтастықтың оларды белгілі бір дәрежеде басқа салаларды, жаңа бағыттарды игеруге, үнемі дамып отыруға, жаңа ақпараттарды зерделеуге ынталандырғанын мойындайды.
Мен Абу-Дабидегі халықаралық көрмеде болғанда, көптеген компаниялардың стендтерінде Saudi Aramco Approved, яғни Saudi Aramco. мақұлдаған қамтушы деген жазуды көрдім. Оның не үшін жазылғанын түсінбедім әрі таң қалдым. Ал кейін өзіміз ТШО-мен ынтымақтаса жұмыс істей бастағанда ғана, бұның компанияның белгілі бір деңгейі екенін түсіндім. ТШО-ның білікті қамтушылары екенімізді айтқан кезде, көп жерлерде бізге зор құрметпен қарайды және тұтынушылық базамызды кеңейтуге көмектеседі. Осылайша, біз тек ТШО-мен ғана емес, олардың бас мердігерлерімен де бірлесе жұмыс істеудеміз".
(ред. - әлемдегі ең ірі мұнай компанияларының бірі)
Бірақ Ержан өз қызметкерлерін ең басты жетістігі мен құндылығы деп бағалайды. Басшы өз ұжымының көпұлтты екенін мақтан тұтады.
Біздің құндылығымыз - көпұлтты ұжым екеніміз, біздің ұжымда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, қырғыздар еңбек етеді. Әртүрлі ұлттардың бірегейлігі де, менталитеті де компанияны қатты дамытады, мен оны жақсы сезінемін. Біз әртүрлі ұлттан болсақ та, бір-біріміздің ең жақсы қасиеттерімізді қабылдаймыз. Жиі-жиі тимбилдингтер өткізіп тұрамыз, биыл барлық филиалдардың қызметкерлерімен бірге Алматы облысына ыстық бұлақтарға барып қайттық. Қызметкерлерімізді дамытуға баса мән береміз, бүгінде кәсіпорында Швейцарияда оқып келген екі электромонтер бар.
Кәсіпкердің пікірінше, табысқа жету үшін, компания әрқашан бәсекеге қабілетті болуы тиіс және өзінің әлеуетін барынша пайдалануға ұмтылуы керек.
Біздің негізгі ұстанымымыз мынадай: клиенттерімізді әрқашан бізден талап етілетін барлық нәрселермен уақытында немесе тіпті мерзімінен бұрын қамтамасыз етуіміз қажет. Біздің басты міндетіміз - тапсырыс берушіде бәрі жақсы болуы тиіс. Әрине, экология мен табиғатты қорғау туралы да ұмытпаймыз. Біз Қазақстанда тұрамыз, сондықтан оның барлық байлығын қорғап, сақтауымыз қажет.
Бірақ Ержанның бойындағы күш-қуаты сарқылып, алға жетелейтін ынта-жігері қалмағандай күй кешетін қиын сәттері де болып тұрады. Мұндай кезде оған әл беретін, жігерін жанитын өз "емі" бар.
Табысты кәсіпкерлердің көптеген кітаптарын оқып, өз тәжірибеме сүйене отырып, әр 3-5 жыл сайын, қатты шаршап кеткенде, жай ғана демалғың келетін кездер болады деп айта аламын. Осындай сәттерде маған бизнес-тренингтер көмектеседі. Мұның бәрін өзің де біліп тұрасың, дегенмен басқа адамдардан "армандаңыз, әйтпесе ештеңе орындалмайды" деген сияқты мотивациялық сөз тіркестерін естігенде, бойыңызға күш береді. Қазақстандық кәсіпкерлерімізді немесе Ричард Брэнсон, Дональд Трамптың өмір тарихын тыңдағанда, барлық қиындықтардың уақытша екенін түсінесіз. Олардың тарихынан жетістіктері мен кемшіліктері болған білген кезде, олардың қолынан келген нәрсеге менің де шамам келеді деп жігерленіп, алға қарай ұмтыла түсесіз. Ендігі бір айтатын жайт - саяхат. Мен жылына бір рет саяхаттауға тырысамын. Бірнеше рет АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Швейцарияда болдым. Тіпті жұмыс бойынша жолға шығудың өзі адамды бір орында тұрып қалмай, әрі қарай дами түсуге ынталандырады.
Ешқашан алған беттен қайтпаңыз және өз ісіңізге сеніңіз. Сонымен қатар әрқашан трендте болыңыз, өйткені әлем бір орында тұрмайды.
Егер сіздің өндірісіңіздің қандай да бір желісі тозған болса, оны жеңілдетіп, жаңасын дамытқан дұрыс деп кеңес береді Ержан. Бұл, мүмкін, Ержанның бизнесінің табысты болуының бір құпиясы шығар.
Бірлескен арнайы жоба
"Ірі мұнай-газ саласына қамтушы болудың жолы қандай?"
Бизнес-мектеп

Өмірінің ең қиын сәттерінде өзінің қызмет етіп жүрген саласын өзгерту кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол үшін сіздің жақындарыңыз бен жанашырларыңыздың қолдауы мен мотивация өте күшті болуы керек.

https://tilda.cc/page/?pageid=38239236&projectid=103731

Серіктестік материал
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети