Ыстамбұлда қазақстандық қызды соққыға жыққандар видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ыстамбұлда қазақстандық қызды соққыға жыққандар видеоға түсіп қалды Видео кадры

Қазақстандық қыз Ыстамбұлда қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпарат қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық қыз Ыстамбұлда қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпарат қызметіне сілтеме жасап.

Ақпарат қызметінің мәліметінше, қазақстандыққа Түркия азаматына зақым келтірген деген айып тағылған. Оқиға түнгі клубта болған. Үш қыз клубқа барғанда күзетшілер оларды кіргізбей қойған. Шығудан бас тартқан үшеудің бірін сақшылар күштеп шығармақ болған.

Сол сәтте қазақстандық қыздардың бірі күзетшінің саусағын тістеп алыпты. Алайда бейнекамерада жігіттердің ол қызға бірнеше мәрте қол жұмсағаны анық байқалады.

Ал саусағым ісіп кетті деген күзетші ауруханада ем алып жатыр. Қамауға алынғаны күзетшінің саусағын тістеп алған қазақстандық қыз. Бүгінде бейнежазба тексеріліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Бас консулдық ақпарат қызметіне жерлесімізбен байланыста отырғанын мәлімдеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat_news

Қамауға алынған қазақстандық қыздың адвокат мен сол түні жанында болған достары мәлімдеме жасаған. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. Олардың сөзінше, күзет қызметкерлері оларға қырыңдап, телефон номерын алуға тырысқан. Жағдай ушығып, сөзге келіспей қалған. Артынша күзетшілердің бірі қыздың шашынан ұстап тұрып ұра бастаған. Қыздар полиция шақыруға тырысқан.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети