01 қаңтар 2017 | 15:07

Ыстамбұлдағы теракт кезінде зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ - ҚР СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Түркия тарапынан алынған нақтыланған мәліметтер бойынша, Ыстамбұлдағы теракт кезінде қайтыс болғандар мен жараланғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркия тарапынан алынған нақтыланған мәліметтер бойынша, Ыстамбұлдағы теракт кезінде қайтыс болғандар мен жараланғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылдың 1 қаңтарында Ыстамбұлда жасалған террористік актіні қатаң сынға аламыз. Бұл қылмысты ұйымдастырушылар мен оған дем берушілер анықталып, лайықты жазасын алуы тиіс. Қаза болғандардың отбасына көңіл білдіріп, жараланғандардың тезірек сауығып кетуіне, бауырлас Түрік халқы мен ел билігіне терроризмге қарсы күресте күш, шыдамдылық пен қайсарлық тілейміз", - деп атап өтті ведомство өкілдері. 

Еске салайық, Ыстамбұлда Санта-Клаус болып киінген екеу түнгі клубқа шабуыл жасады. Кем дегенде 35 адамның қаза тапқаны және 40 адамның зардап шеккені хабарланды. Қала әкімі шабуылдың теракт екенін айтты.

Hurriyet газетінің мәліметінше, шабуыл жасалған Reina клубында 700-800-дей адам болған. Шабуылдағандардың араб тілінде сөйлегені белгілі болды. Ал клубтың қожайыны бұл теракт жайлы америкалық барлау қызметінің ескерткенін мәлімдеді. "7-8 күн бұрын бізге ескертілген. Соңында не болды, осылай болды", - жежі клубтың иесі Мехмет Коджарслан. Шабуылдаушы Калашников автоматынан атқан. Шабуылдан кейін кейбір келушілер үрейден Босфор бұғазына секірген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети