2022 жылдың жазында Ыстықкөлде қазақстандық бапкер Мұрат Жүзгенбаевты өлтірген жүргізуші шартты түрде сотталды. Бұл туралы 24.kg агенттігіне марқұмның ұлы Әлішер Жүзгенбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2022 жылдың жазында Ыстықкөлде қазақстандық бапкер Мұрат Жүзгенбаевты өлтірген жүргізуші шартты түрде сотталды. Бұл туралы 24.kg агенттігіне марқұмның ұлы Әлішер Жүзгенбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлішер Жүзгенбаевтың айтуынша, бұл шешімді 6 сәуірде судья Қайрат Батыралиевтің төрағалығымен Ыстықкөл аудандық соты шығарған. Айыпталушы Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 312-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Алайда сот оны белгілі бір лауазым мен қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, пробация – үш жыл сынақ мерзімін қолданып, жазасын өтеуден босатқан. Сондай-ақ сот жәбірленуші – марқұмның әйелі Раиса Құсайынованың пайдасына 100 мың сом моральдық шығын өндіру туралы шешім шығарған.
"Сот Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 312-бабында көзделген ең аз мерзім берді. Ол бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылу керек еді. Біз міндетті түрде сот үкіміне шағымданамыз және оған сәйкес үкім шығаруды сұраймыз. Жазасы тым жеңіл. Әкемізден айырылып отырмыз, ал сот пробациялық бақылауды қолданды. Айыпталушы жол-көлік оқиғасы кезінде мас күйінде болған, бұған алғашқы материалдар дәлел, яғни сараптама", - деді Әлішер Жүзгенбаев.
Жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!