28 маусым 2024 15:54

"Ыстықтан бәрі өртеніп жатыр": Алматы маңында дала өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы маңында дала өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы маңында дала өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды. Аумақты түтін басқан.

"Ыстықтан бәрі өртеніп жатыр", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

"2024 жылдың 28 маусымында сағат 11:09-да Өтеген батыр ауылындағы ПЧ-8 байланыс пунктінің 101-нөміріне Іле ауданы, "Гейт Сити" кешеніне жақын жерде шөп өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткенде құрғақ шөптің өртенгені анықталды. Елді мекендер мен жақын маңдағы ғимараттарға қауіп жоқ", - деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрт аумағы анықталып жатыр. Өрт оқшауланғаны айтылды.

Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері мен 3 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 15 адамы және Алматы ТЖД 3 қызметкері, сондай-ақ 8 техника жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 471.84   490.7   5.52 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети