Ықылассыз үй салушылар азаматтардың құқықтық сауатсыздығын пайдаланып келеді - Жақсыбеков

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ықылассыз үй салушылар азаматтардың құқықтық сауатсыздығын пайдаланып келеді - Жақсыбеков @Турар Казангапов

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан ықылассыз үй салушыларға әсер етуін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан ықылассыз үй салушыларға әсер етуін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұндай кәсіпкерлер азаматтардың белгілі бір деңгейде әлеуметтік наразылығын тудырады. Өздері құрылысты бастап кетеді де, ақша жинап алады, кейін міндеттерін орындай алмай, соңында азаматтардың экономикалық қызығушылықтарын төмендетеді. Нәтижесінде азаматтар сотқа жүгінуге мәжбүр болады", - деді Жақсыбеков.

"Олар азаматтардың құқықтық сауатсыздығын пайдаланып кетеді. Сосын өздеріне де, халыққа да кесірін тигізіп жатады. Біз жасаған бағдарламалардың беделін түсіреді. Сондықтан, Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан ықылассыз үй салушылардан жауап алуға көмектесуін сұраймыз", - деді әкім.

Астана әкімі ықылассыз үй салушылардың тізімін жариялады. Сонымен қатар, әкімдіктің құзырлы органдарынан "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңы бойынша белгіленген өлшемдер мен тұрғын үйді үлестіруді іске асыру жөніндегі материалдарды ішкі істер департаменті мен Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберуін сұрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети