Юрий Ильин вице-премьердің Екібастұздағы ТЖ туралы сөзіне қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юрий Ильин вице-премьердің Екібастұздағы ТЖ туралы сөзіне қатысты пікір білдірді Фото:t.me/KZgovernment

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Екібастұз ЖЭО жылу желілеріндегі апат туралы сөзіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Екібастұз ЖЭО жылу желілеріндегі апат туралы сөзіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысы кулуарында журналистер Төтенше жағдайлар министрлігі басшысынан Екібастұз жылу электр орталығында болған апатқа қатысты вице-премьердің мәлімдемесіне пікір білдіруді сұрады.

"Біріншіден, мен жоғары лауазымды басшыны, Премьер-министрдің бірінші орынбасарын, оның қызметін бағалауға құқығым жоқ. Министрлік үшін айтарым, Қазақстан аумағындағы кез келген төтенше жағдай, тіпті елеусіз болса да, сіздер арқылы (БАҚ өкілдері – авт. еск.) жариялануға құқылы, ал төтенше жағдайға әрекет ету біздің министрліктің міндеті", - деді ол журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Ильин Президенттің Екібастұздағы төтенше жағдайды жоюға қатысты сынымен келісетінін айтты.

"Мемлекет басшысының сынына іліккен мәселе, пысықталмағаны туралы, мен мұнымен толықтай келісемін. Біз осыдан қорытынды шығаруымыз керек. Бұл - біздің бөлімшелер үшін де, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою ұзақ уақытқа созылмауы үшін болашақта өзара әрекеттесу мәселелерін тезірек шешуге тиісті бөлімдердің жұмысы үшін де әрекеттер алгоритмі. Сондықтан біз кез келген төтенше жағдайды (...) мүмкіндігінше тезірек жою үшін әрекет етуге міндеттіміз", - деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Екібастұз ЖЭО жылу желілеріндегі апатқа қатысты Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр пікір білдірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети